Тұман түсіп, жел екпіні күшейеді: 13 қаңтарға ауа райы болжамы
АСТАНА.KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Атмосфералық фронттальды бөліктерден тұратын оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жаууы күшейеді. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады.
Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі.
Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда PM2.5 деңгейі ДДҰ нормасынан 6 есе асып, ауаның ластануы 30%-ға өскен.