Тұман, жел, көктайғақ: Қазгидромет 30 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА.KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 30 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Таңертең және күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігін, шығысын, орталығын тұман басады. Аймақтың орталығында жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.
Тұман Шығыс Қазақстан облысының солтүстігін, оңтүстігін және орталығын да басады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болып, жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-18 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болжанған. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Айта кетейік, бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы төмендейді.