Тұңғыш Президент күнін бүкіл халықтық мереке деп есептейміз - БҚО азаматтық альянсының жетекшісі

ОРАЛ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біз, БҚО азаматтық қоғамының өкілдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін бүкіл халықтық мереке деп есептейміз.
None
None

Бұл туралы БҚО азаматтық альянсының жетекшісі Айгүл Түркина мәлім етті.

Оның айтуынша, еліміздің өміріндегі барлық оң өзгеріс Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатының арқасында жүзеге асуда. Оның тікелей басшылығымен елде ауқымды саяси-экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасының ғаламдық бастамалары қазақстандықтардың қызу қолдауына ие болды. Халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алды.

Біз еліміздің келешек даму жолын көріп отырмыз және Жолдауларда айтылған міндеттер мен тапсырмалардың, мемлекеттік бағдарламалардың нақты орындалып отырғандығының куәсіміз. Бұл мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырады.

«Азаматтық қоғам өкілдері ретінде Президенттің ерен еңбегі ескерілгеніне қуаныштымыз. Өйткені халықтың әл-ауқаты артқандығын күнделікті өз өмірімізден сезінудеміз. Еліміздің ішкі-сыртқы саясатының бүкіл бағыты қазақ елінің мемлекеттілігінің нығайып, Отанымыздың гүлденуіне бағытталған. Ядролық қарудан бас тарту, «Экспо - 2017» халықаралық көрмесін өткізу, басқа да дүниежүзілік ауқымдағы шараларды қабылдау - сөз жоқ, Қазақстанның толағай табысы»,-  деді А.Түркина.

Соңғы жаңалықтар