Түрікменстанда «Солтүстік-Оңтүстік» құрлықаралық теміржол магистралінің іске қосылуының маңызы аталып өтілді - ҚР СІМ
Брифинг барысында іс-шараға қатысушыларға Президент Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Халқына Жолдауының қағидалары түсіндіріліп, Жолдаудың түрікмен тіліндегі мәтінін қамтитын кітапшалар таратылды.
Ерекше көңіл Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырмдамасы мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасы, 2017 жылғы Халықаралық мамандырылған «ЭКСПО» көрмесін Астана қаласында тиімді өткізу, Қазақстанның ядросыз әлемді құрудағы Президент Н.Назарбаевтың үлесі, «АТОМ» жобасы, этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі, VII Астана экономикалық форумы, G-Global көпқырлы коммуникативті алаңшасы және т.б. еліміздің басымдықтарына бөлінді.
Екіжақты қарым-қатынастар контекстінде, барлық қатысушы елдер арасындағы сауда айналымын едәуір өсіруге бағытталған «Солтүстік-Оңтүстік» құрлықаралық теміржол магистралінің толыққанды іске қосылуының маңызы аталып өтілді.
2014 жылғы 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Қазақстанда (Алматы қ.) өтетін Түрікменстанның мәдениет күндеріне қатысу мақсатында 60 адамнан тұратын толымды түрікменстандық делегация келеді.