09:37, 17 Шілде 2017 | GMT +5
Туристер мінген ұшақ Байкалға құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкалға, Ольхон аралы маңына құлаған ұшақтағы туристердің масаң болғаны анықталды.

Олар жеңіл моторлы ұшақпен рұқсатсыз сапарға шыққан және бірден суға құлаған, деп хабарлайды «Россия 24» телеарнасы.
Сондай-ақ оқыс оқиғаға ұрынған саяхаттаушылар дәрігерлерден сытылып кетпек болған. Екеуі қашып үлгерген, қалғандары ауруханаларға жеткізілді. Таңқаларлығы, олар аса ауыр жарақат алмаған.