Туристік компания Рио Олимпиадасын тамашалау сапарының бағасын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына барып, ұлттық құрамаға жанкүйер болу үшін сапардың бағасы - 3,8 млн теңге.
None
None

«Complete Service» халықаралық туристік компаниясы осындай айрықша ұсыныс жасап отыр. Бұл компания 2014 жылы Сочидегі қысқы Олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитетінің ресми билет агенті болған.

Риоға ұшып бару 4-17 тамыз аралығында өтеді яғни, 11 күн мен 10 түнге жалғасады. Туристерге Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты мен 5 спорт түрі бойынша жарыстарды тамашалау ұсынылады (бокс, ауыр атлетика, дзюдо және тағы да қосымша екі спорты түрі бойынша), бұл қызметтің ақысы - 3,8 млн теңге (1 доллар - 368 теңге есебі бойынша).
Немесе Бразилияға 14 - 23 тамыз аралығында, 10 күн 9 түнге бару ұсынылады. Ақысы сәл арзандау бұл сапарға Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын тамашалау және бес спорттың жарыстарын тамашалау кіреді (бокс, күрес, ауыр атлетика және қосымша екі жарыс түрі).

Соңғы жаңалықтар