Туристік іс-шаралар күнтізбесі: сәуірде қай өңірлерге барған дұрыс

АСТАНА. KAZINFORM — Сәуір айында елімізде бірқатар ауқымды туристік іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

UAE showcases cultural and literary diversity at Beijing International Book Fair 2025
Фото: Unsplash.com

Бұл айда Қазақстан отандық және шетелдік туристерді кітап, қолөнер және технология әлемін біріктіретін жарқын оқиғалармен қарсы алады.

— 22–26 сәуір күндері Астанада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымы, авторлармен кездесулер және білім беру сессиялары ұйымдастырылады.

— 23–24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз — қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі ұйымдастырылады. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, шеберлік сабақтарына қатысып, халық шеберлерінің бірегей туындыларымен таныса алады.

— 26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі өткізіледі. Бағдарламаға инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар енген.

Еске сала кетейік, биыл ел бойынша 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде туризм саласында кәсіби мамандар жетіспейді.