Түркі елдерінің композиторлары кәсіби одақ құрды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі елдерінің жетекші музыкалық ұйымдарының өкілдері Түркі әлемі композиторлары одағын (Turkic Union of Composers, TUC) құрды.

Түркі елдерінің қаржы инвестициялық қоры құрылмақ
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Түркі әлемі композиторлары одағын құру туралы шешім 19 қыркүйекте Бакуде өткен Түркі әлемі композиторларының I құрылтайы аясында қабылданды. Бұл туралы Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

Құрылтай барысында түркі елдерінің жетекші музыкалық ұйымдарының өкілдері Баку декларациясына қол қойды. Құжат музыка өнері саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытуға негіз қалайды.

– Жаңа одақ түркі елдерінің композиторларын, музыкатанушыларын, орындаушыларын, консерваторияларын, музыка академиялары мен шығармашылық бірлестіктерін біріктіруді көздейді, – делінген мәліметте.

Түркі әлемі композиторлары одағы сала мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға және музыкалық өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, түркі елдері жасанды интеллект пен цифрлық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.