Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркі академиясында ғалымдар түркі тілдерінің бүгінгі ахуалын талқыға салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясында «Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика) тұрғысынан түркі тілдерінің бүгінгі ахуалы» атты ғылыми семинар өтті. Жиынға аталған академия мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, сонымен қатар еліміздің белгілі тіл мамандары мен түркологтары қатысты. Бұл туралы халықаралық академияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Түркі академиясында ғалымдар түркі тілдерінің бүгінгі ахуалын талқыға салды

«Жиын барысында АҚШ-тың Вашингтон университетінің Таяу Шығыс тілдері және өркениеті факультетіне қарасты Түркі және Орталық Еуразия зерттеулер бағдарламасының профессоры Талант Мауханұлы баяндама жасады. Сонымен қатар Түркі тілдеріне төнген қауіптер мен сол тілдердің қазіргі жандану үдерісі сынды тақырыптарға байланысты Қытай және Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) аумақтарында лингвистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым өз зерттеулеріндегі соны деректерді семинарға қатысушылардың назарына ұсынды», делінген баспасөз хабарламасында.