Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркі кеңесінде экономикалық ынтымақтастық мәселесіне баса назар аударылды - ҚР Президенті

БІШКЕК. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Түркі кеңесінде экономикалық ынтымақтастық мәселесіне баса назар аударылды.

Түркі кеңесінде экономикалық ынтымақтастық мәселесіне баса назар аударылды - ҚР Президенті

Бұл туралы бүгін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі ІІ Саммитінің қорытындысына орай Бішкек декларациясына қол қою рәсімінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз негізінен елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аудардық. Бұл экономикалық ынтымақтастықта көлік-коммуникация, байланыс салалары зор  маңызға ие. Сондықтан да біздер Көлік және коммуникация министрліктеріміз бен кеден органдарымыздың Түркия-Ахалкала-Карс-Тбилиси- Баку және Каспий теңізі арқылы Қазақстаннан осында және Қазақстаннан Қытайға өтетін  маңызды темір жолды іске қосуға дайындық жүргізу барысында кездесу өткізулеріне уағдаластық», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркі академиясын,  Түркі мәдениеті мен түркі мұрасына қолдау көрсету қорын құрудың да өзектілігіне тоқталып, осы арқылы жастарымызды бір-бірімен жақындастыру үшін тілдерімізді, мәдениетімізді, жалпы түркі әлемін оқып-білуге бірлесіп үйренуге шақыратындықтарын жеткізді. «Менің пайымымша, бұл тұрғыда біз маңызды жұмыс атқардық»,  - деді Мемлекет басшысы.