Түркі əлемінің медиафорумы киелі жерлерге тəу етуден басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты тақырыпта халықаралық медиафорумға қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлерге тəу етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Түркі əлемінің медиафорумы киелі жерлерге тəу етуден басталды

null Бәйдібек баба ескерткішіnull Қарашаш ана кесенесі
Аталмыш медиафорум «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өз жұмысын бастады. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Башқұртстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары келіп отыр. Олардың арасында «Анадолы» агенттігінің, NTV, «TRT Avaz», «Атаюрт», «ҚазАқпарат» ХАА, Қазақ радиосы секілді түркітілдес мемлекеттердің ірі БАҚ өкілдері де бар
null null 

Тоқтала кететін жайт, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның киелі жерлер географиясы туралы айтылған болатын. Осыған байланысты ұйымдастырушылар форумды Елбасының мақаласындағы осы мәселемен де ұштастырып, бауырлас елдерден келген азаматтарды оңтүстіктің киелі, тарихи жерлерімен таныстыруды ниет етті. Жиынның алғашқы күнінде медиафорумға қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Отырар, Арыстан Баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді бірқатар киелі жерлерді аралады.
null null 

Бүгін медиафорум өз жұмысын Түркістан қаласында жалғастыруда. Шараны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп өткізуде.
null null 

Еске сала кетейік, 2017 жыл «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде жарияланған болатын. Ал түркі әлемінің мәдени астаналары аясында түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселесі де ұдайы көтеріліп келеді. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтып, халықтарды жақындастырып, ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. 

null nullОтырар тарихи қалашығы 


Фотоларды түсірген Физули Мадиджли