Түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызмет басшылары Бакуде бас қосады
КУ. 5 қазан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Ағымдағы жылдың 6-7 қазан күндері Бакуде түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызметтер конференциясының XIV отырысы өтетін болады.
Бүгін Әзірбайжан астанасына арнайы қызметтердің бірінші басшылары бастаған Конференцияға қатысушы делегациялардың алғашқылары келе бастады. Қазақстан делегациясын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Абықаев пен «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанкүлев бастап барды.