Түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызметтер конференциясының XIV отырысына қатысушылар Әзірбайжан Президентін қарсы алды
КУ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - 6 қазан күні Бакуде түркі тілдес мемлекеттердің арнайы қызметтер конференциясының XIV отырысы басталды.
Отырысқа қатысушылар Әзірбайжан Республикасының басшысы Илһам Әлиевті қарсы алды. Әзірбайжан басшысы достас елдердің арнайы қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл болашақта туындайтын ығыттарды жоюға көмектеседі деген сенімін жеткізді.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев Әзірбайжан тарапына қонақжайлылығы мен іс-шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны үшін алғысын жеткізе отырып, барлық күш-жігер аймақтағы қауіп-қатерлерді жою мақсатындағы өзара іс-қимылға бағытталатынын атап өтті.
Н.Әбіқаев Әзірбайжан Президентіне Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Ал И.Әлиев өз кезегінде ҚР Президентіне деген алғысын айтып, Н.Назарбаевтың атына жылы шырайлы сәлемін жолдады.