Түркі ынтымақтастық кеңесінің отырысы тамыз айында Ыстамбұлда өтеді - Түркия Президенті Абдолла Гүл

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Түркі ынтымақтастық кеңесінің отырысы тамыз айында Ыстамбұлда өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Түркия Президенті Абдолла Гүл мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа жеке кездесуде келген шешімге сәйкес Түркі ынтымақтастық кеңесінің жиынын тамыз айында Ыстамбұлда өткізу туралы шешімі қабылданды және осыған қажетті шараларды атқара бастаймыз», деп атап өтті Түркия Президенті.

«Өткен жылы қазан айында жасаған сапарыңыз барысында Стратегиялық әріптестік келісім шартына қол қойған болатынбыз. Енді қазір осы Стратегиялық келісім шартқа сәйкес барлық салада жан-жақты жұмысты атқару қажет», деді А. Гүл Елбасы Н. Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Түркия басшысы өз сөзінде Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен құрмет үшін Елбасына өз алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар