22:29, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Түркіменстан Қазақстанмен Каспий теңізі түбінен өтетін шекараны бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан Қазақстанмен арадағы Каспий теңізінің табанындағы шекараны бекітті. Түркімен Мәжілісі Каспийдегі шекара аумағын белгілеуге арналған екі ел арасындағы Келісімді ратификациялау туралы қаулы жобасын мақұлдады.

Аталған құжат Каспийдің табаны мен теңіз қойнауын пайдалану бойынша егеменділік құқықтарын жүзеге асыруда қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар бұл келісім тату көршілікті әрі қарай нығайтуға өлшеусіз үлесін қоспақ, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, Каспий теңізінің табаны мен теңіз қойнауының шектері халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ тараптардың уағдаластық нәтижесінде келісілген орталық жолақ негізінде белгіленеді.