Түркістан облысында құжатсыз темекі тасымалына тосқауыл қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында құжатсыз тасымалданған 176 500 қорап темекі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
None

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері бірлесе отырып, 20 ақпан күні жедел ақпарат бойынша Алматы - Самара тасжолында DAF маркалы автокөлікті тоқтатады. Тауардың ілеспе құжаттарына сәйкес, автокөлік Алматы - Москва бағында бара жатқан.

Көліктен акциздік марка немесе QR-кодсыз және тиісті құжаттарсыз тасымалданған темекі өнімдері (әртүрлі ассортиментте) анықталды. Жалпы саны – 353 кейс, әр кейстің ішінде 500, ал барлығы 176 500 қорап. Қазіргі таңда ҚР заңдары бойынша қылмыстық іс қозғау шаралары жүргізіліп жатыр.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар