Түркия 2026 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуі мүмкін

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия 2026 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына үміткер бола алады.

Осы идеямен бүгін Түркия парламентінің мүшесі Эрзурум  Мұстафа Илыджалы сөз сөйледі, деп хабарлады Fanatik басылымы.

Эрзурум биыл қысқы еуропалық жастар Олимпиадалық фестивалін қабылдады, 2011 жылы ол жерде қысқы Универсиада өткен.   

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2019 жылы болатын Халықаралы олимпиада комитетінің 132-ші сессиясында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар