Түркия дәрігері «С» гепатитін емдеудің өте қымбат, бірақ анағұрлым тиімді әдісін ұсынды - Қазақстан гепатологтарының І съезі

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Вирустық гепатитті емдеудің жаңа әдісі тиімділікті 80 пайызға дейін арттырады.

Түркия дәрігері «С» гепатитін емдеудің өте қымбат, бірақ анағұрлым тиімді әдісін ұсынды - Қазақстан гепатологтарының І съезі

Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен Қазақстан гепатологтарының бірінші съезі аясындағы баспасөз мәслихатында Түркияның гепатология саласындағы маманы Джем Калайчи мәлім етті.

«Менің Қазақстанға сапарым «С» вирустық гепатитін емдеудің жаңаша түрінің мүмкіндіктері жайында баяндауға негізделген. Ол 2012 жылдан бастап бұл ауруды екі препаратпен емдеуге, сондай-ақ өз кезегінде вирустық гепатиттен емделудің тиімділігін 80 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ауыр әрі өте қымбат ем-дом болып табылады. Алайда ол өте жақсы нәтижелер береді және бұның қымбаттылығына қарамастан, осы бағыттағы емдеуді экономикалық тұрғыда тиімді деп санаймын»,-деді ол.

Түркиялық маманның пікірінше, сондықтан да емделмеген аурулар үшін бауырды трансплантациялау шығындары айтарлықтай қымбатқа түседі.