Түркия ЕО-ның қайта қарулану бағдарламаларына қатысуға дайын
АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Еуропалық Одақтың қаржыландыру қорлары аясындағы бағдарламаларға қатысу үшін ресми өтініш берді. Бұл қордың қаражаты қару-жарақты бірлесіп сатып алуға бағытталуы тиіс, деп жазды АЗЕРТАДЖ.
Бұл туралы АЗЕРТАДЖ STAR газетіне сілтеме жасап хабарлаған. Газет жаңа ЕО Қорының көлемі 150 миллиард еуроға бағаланатынын еске салады.
Атап айтқанда, зымырандарды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін (ПРО), ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар), оқ-дәрілерді, құрлықтағы әскерге арналған жабдықтарды, сондай-ақ маңызды инфрақұрылым элементтерін қорғау құралдарын сатып алу мәселесі қарастырылмақ.
Басылым атап өткендей, Түркиямен қатар Оңтүстік Корея да ЕО-ның бұл қаржылық бағдарламаларына қатысуға ниетті.
Екі елдің өтініштері қазір Еурокомиссияның қарауында, ол ЕО Кеңесіне ұсыныстар дайындайды.
Басылым атап өтеді: Түркияның Грекия және грек Кипрімен қарым-қатынасындағы шиеленісті жағдайға байланысты, шешімнің Сеулдің пайдасына қабылдануы анағұрлым ықтимал болып көрінеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 40,5 пайызға дейін төмендеткенін жазған едік.