Түркия Ирандағы апат болған жерге 32 альпинист пен тікұшақ жіберді

Түркия Ирандағы апат болған жерге 32 альпинист пен тікұшақ жіберді
Фото: ИРНА

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіде Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хусейн Амир Абдуллахиян және басқа да ресми тұлғалар мінген тікұшақтың апатқа ұшырауы туралы жазды. Бұл туралы Анадолы хабарлады.

«Иран президенті, менің ағам Ибрахим Раиси мырза мен оның делегациясының тікұшақ апатына ұшырауы бізді қайғыға салды. Түркия Республикасының атынан Иран билігімен толық байланыста екенімізді, оқиғаны мұқият қадағалап отырғанымызды және барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенімізді білдіргім келеді», - деді президент Режеп Тайып Ердоған.

Сонымен қатар Президент Ердоған көңіл айтты.

«Мен өз елімнің атынан көршілес, дос және бауырлас Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтамын. Раиси мырза мен оның делегациясынан мүмкіндігінше тезірек жақсы хабар аламын деп үміттенемін», - деп қосты Р.Ердоған.

AFAD мәліметі бойынша, Иран Түркиядан түнде көретін іздеу-құтқару тікұшағын сұраған. Оқиға орнына Ван мен Эрзурумнан 32 іздеу-құтқару альпинисті мен алты көлік шықты.

Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.

Иран вице-президенті Мохсен Мансури ел президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.

Соңғы жаңалықтар