Түркия мектептерінде медиасауаттылық клубтары ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия мектептерінде оқушылардың интернеттегі жалған ақпаратты ажыратып, түрлі манипуляцияларға сыни тұрғыдан баға беруі үшін медиасауаттылық клубтары ашылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Клубы по медиаграмотности создадут в школах Турции
Фото: memurlar.net

Түркияның бастауыш, орта және жоғары сыныптарында медиасауаттылық пен ақпараттық сауаттылық клубтары ашылады. Бұл туралы Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран мәлімдеді.

Бастама елдің Ұлттық білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба Директорат жанындағы Жалған ақпаратпен күрес орталығының ақпараттық-ағартушылық жұмысы аясында қолға алынған. Дуранның сөзінше, жобаның басты мақсаты – балаларды цифрлық қауіптен, жалған және қоғамдағы келісімге теріс әсер етуі мүмкін ақпарттық науқандардан қорғау.

Департамент басшысы мұндай клубтар арқылы мектеп оқушылары аналитикалық ойлау дағдыларын дамытатынын, ақпаратты тексеруді және манипуляциялық мазмұнды тануды үйренетінін атап өтті. Ол бұл балаларға цифрлық ортадағы ақпаратты саналы түрде қабылдауға және жалған ақпарат тарату әрекеттеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретінін қосты.

Президент жанындағы Қоғаммен байланыс дирекциясының құрамында әлеуметтік желілердегі ұйымдастырылған ақпараттық науқандарға қарсы әрекет ету үшін Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы құрылды. Оның негізгі қызметінің бірі – интернетте таралып жатқан негізсіз мәлімдемелерді талдау және тексеру.

Бұған дейін Түркия әлеуметтік желілердегі қылмысқа қарсы бақылауды күшейтетінін хабарлаған болатынбыз.

Ақзат Жиеналина