Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркия Премьер-министрі Р.Ердоған Қырғызстанға сапармен келді

БІШКЕК. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Бішкекке Түркия Премьерь-министрі Реджеп Ердоған келді.

Түркия Премьер-министрі Р.Ердоған   Қырғызстанға сапармен  келді

Сапар аясында түрік Премьері Қырғызстан Президенті Роза Отынбаевамен, ел Премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен және Жогорку Кенеш спикері Ахматбек Келдібековпен кездесті.

Қырғызстан спикері, былтыр қырғыз халқының басына түскен біраз сынақтан кейін, елде жаңа Конституцияға сәйкес ашық және әділ парламенттік сайлау өткенін айтты. «Мемлекеттік басқарудың жаңа әдісіне ауысып отырған Қырғызстан үшін Түркияның парламентаризмдік тәжірибесі сәтті ел ретінде үлгі болып табылады», - деді қырғыз спикері.

Т.Ердоған өз кезегінде қырғыз спикерін ел Президентімен және Үкімет басшысымен болған келіссөздердің қорытындысы жайлы хабардар етті және Қырғызстан Парламенті мен Үкіметінің құрылуы елдің дамуына үлес қосатындығына сенім білдірді.

Сондай-ақ екі елдің арасындағы визалық режім мәселесіне тоқталған Түркия Премьері, келешекте визалық режімнің болмайтынын айтты және бұл бастама Қырғызстан мен Түркияның арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге серпін болатынын жеткізді.

Тараптар сонымен қатар парламентаралық серіктестіктің белсенділігін арттыру, Түркия мен Қырғызстанның экономикалық ынтымақтастығын еселеу қажеттілігіне тоқталды.