Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

ТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Түркия Республикасының Премьер-Министрі  Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Бұл туралы бүгін елордада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«21 қазанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алғашқы саммиті аясында Қазақстанға жұмыс сапарымен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, сапар барысында Түркия Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен келіссөздер өткізбек.

Сондай-ақ, «Түркия Үкіметі басшысының қатысуымен Алматы маңайында қазақ-түрік лицейінің ашылуы жоспарланып отыр», - деді А. Әбиболлаев.