Түркия Сириядағы саясатының 3 негізгі басымдығын белгіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия Сирияға қатысты жүргізіп жатқан саясатының негізгі 3 басымдығын айқындады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Hurriyet газетіне сілтеме жасап.

Турция определила для себя три приоритета в Сирии
Фото: Karar.com

Түрік басылымында жазылғандай, бұл бағыттар тұрақты және қауіпсіз Сирияны құруға, лаңкестікпен күресуге және гуманитарлық мәселелерді шешуге бағытталған.

Түркияның бірінші басымдығы - Сирияны өтпелі кезеңнен сәтті өткізу, демократияға негізделген жаңа бейбіт мемлекет құру. Оның ішіне елді экстремистік топтардан тазарту, саяси және институционалдық жағдай жасау кіреді. Бұл процестің маңызды бөлігі - адам құқығы мен әділеттілік негізінде жұмыс істейтін өтпелі әкімшілік құру болмақ.

Екінші басымдық - Түркияда және басқа да бірқатар мемлекетте террористік ұйым болып саналатын «Күрдістан жұмысшы партиясы» және оның сириялық бөлімшесі «Халықтық қорғаныс жасағымен» күресу. Бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі болады деп күтілуде.

Үшінші басымдық - әскери қақтығыстар салдарынан елін тастап кетуге мәжбүр болған сириялық босқындарды қайтару. Түркия босқындардың елге оралуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етпек.

- Түркия Сирия оппозициясын елдің қалпына келтіру процесінің барлық кезеңінде қолдау көрсетуді жалғастырады. Сондай-ақ экстремизмнен ада және әділеттілік қағидаттарына негізделген жаңа Сирияның құрылысына белсенді қатысады, - деп жазды түрік газеті.

Осған дейін Сирияның кейбір қалаларында коменданттық сағат енгізілгенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар