Түркияда «8-ші Халықаралық түрік тілі олимпиадасы» өтіп жатыр
ЫСТАМБҰЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАкпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Түркияның бас қаласы - Анкарада «8-ші Халықаралық түрік тілі олимпиадасы» өтіп жатыр.
Кеше, мамырдың 26 -да Ыстамбұлдағы «Долмабахче» сарайында салтанатты ашылу рәсімі өткен олимпиада маусымның 10-на дейін Анкарада және Түркияның басқа да қалаларында жалғасатын болады.
Бұл жолғы білім сайысына 120 өлкеден 750 оқушы қатысуда. Соның ішінде Қазақстаннан келген балалар саны - 40. Олар 9 топ құрып, түрік ұлттық «Қолбасты» биімен көрермен назарын жаулап алса, ал басқалары түрік тілінің грамматикасы, әдебиеті, мәнерлеп өлең оқу, ән салу сияқты салаларында жарысқа түспек.
2003 жылдан бастап Халықаралық түрік тілін үйрету қоғамының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шараның мақсаты - түрік тілін дүниежүзілік және халықаралық тілдер қатарына енгізу.