Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандық туристердің бірінің қай жерде екендігі анықталуда - ҚР СІМ
«6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатына ұшырады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобуста біздің 7 азаматымыз: Тұрғанбекова Шолпан, 22.08.1989 ж.т., Тұрғанбекова Тоғжан, 25.04.1993 ж.т., Тілеубаева Айдын, 14.07.1999 ж.т., Тілеубаев Азамат, 25.05.1992 ж.т., Тілеубаева Гүлнара, 04.01.1966 ж.т., Цолоева Зарина, 05.11.1993 ж.т., Сарабаева Аида, 21.09.1996 ж.т., болған. А.Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. А.Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталуда», делінген хабарламада.
Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр, автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда. «Біздің азаматтарымызға қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған. Консулдық бөлім қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан. ҚР Денизли қаласындағы Құрметті консулы қажетті жедел көмек көрсетуде. Жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда министрлік қосымша хабарлайтын болады», деп атап өтілген хабарламада.