Түркияда апатқа ұшыраған отандастарымыздың арасында бокстан Қазақстан чемпионы З.Цолоева бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандық азаматтардың арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан құрамасының боксшы 21 жасар Зарина Цолоева да бар, деп хабарлайды vesti.kz.
None
None

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатынан 7 қазақстандық зардап шекті. Олар Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Ал А.Сарабаеваның қай жерде екендігі анықталуда.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарына қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар