Түркияда болған лаңкестік оқиғасы кезінде қазақстандық туристер жапа шеккен жоқ - ҚР ИДМ

«Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, 2016 жылдың 10 желтоқсан күні Ыстамбұл қаласының орталығында «Бешикташ» футбол клубы стадионының маңында 2 мәрте жарылыс болған. Қаза тапқандардың ішінде 27 полицей бар, жалпы 166 адам жапа шеккен. ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментіне қазақстандық туристер зардап шеккені туралы ешқандай хабар түскен жоқ», - деп жазды ол.
Департамент басшысы, сондай-ақ Түркиядағы қазақстандық туристерді сақ болуға шақырды.
«ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерді сақ болып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға, қажет болмаған жағдайда тұрып жатқан жерлерін тастап шықпауға, жергілікті биліктің нұсқауларын орындауға, сондай-ақ туроператорларды Түркиядағы қауіпті жағдай туралы хабарландыруға шақырады» делінген хабарламада.