Түркияда ХХІІІ Сурдлимпиада ойындары басталады

Ойындарға әлемнің 97 елінен келген 3 мыңнан астам спортшы қатысады, бұл есту қабілетінде ақауы бар адамдардың спорттық жарысы тарихындағы алғашқы рекордтық көрсеткіш. Жарыс Самсун провинциясының 8 ауданындағы 37 стадионда спорттың 20 түрі бойынша өтеді. Олар: оқ ату, атлетика, бадминтон, баскетбол, боулинг, тау веложарысы, футбол, гольф, күрес, гандбол, дзюдо, каратэ, үстел теннисі,жағажай волейболы, таэквондо, теннис, волейбол, тас жол веложарысы және жүзу.
Түркия алғаш рет Сурдлимпиада ойындарына 1989 жылы қатысты. Бүгінгі күнге дейін есту қабілетінде ақауы бар түрік спортшылары Сурдлимпиададан 84 медаль алды, олардың 17-сі алтын. Жарыстың ұйымдастырылуына 1500 ерікті тартылған, олардың 154-і түркиялық азаматтар, 96-сы шетелдіктер, сондай-ақ, 250-і мүмкіндігі шектеулі жандар. Сонымен қатар, спорт алаңдарында 500 сурдоаудармашылар жұмыс істейтін болады.
Қазіргі Түркия тарихындағы ең ірі спорттық шара 30 шілде күні аяқталады.