Түркияда келісілген футбол матчтарына қатысты жанжал туып, 24 адам тұтқындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Түркияда заңсыз ақша тігу мен футболдан келісілген матчтар ұйымдастыру бойынша туындаған жанжал өршіп барады.

Около 300 футболистов отстранены по делу о ставках в Турции
Фото: haberhergun.com

Түркиялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соттар 29 адамды тұтқындауға ордер берген. Олардың арасында "Галатасарай" футбол клубының бұрынғы президенті Эрден Тимур да бар, деп хабарлайды BILD.

Күш-қуат құрылымдары сондай-ақ 11 провинцияда операция ұйымдастырды. оның барысында 24 күдікті ұсталып, өзгелері іздестіріліп жатыр. 

Түркияның Бас прокуратурасының мәліметінше, Тимурдың банктік шоттарын тексеру барысында күдікті қаржылық операциялар анықталған. Тергеу ісіне тартылған тұлғаларға ақша жылыстату, матч нәтижелерін манипуляциялау және заңсыз бәс тігуді ұйымдастыру айыптары тағылып отыр. Іс бойынша күдікке ілінген футболшылардың бір бөлігі ойын нәтижелеріне өздері бәс тіккен деген күдікке ілінген. Айыпталушылардың бірі басқа бір іс бойынша қазірдің өзінде қамауда отыр.

Бұған дейін Түркия футбол федерациясы 152 төрешінің бәс тігуге қатысы болуы мүмкін екенін хабарлаған. Тергеу аяқталғанға дейін 149 төреші мен мыңнан астам ойыншы уақытша шеттетілді. Тек Суперлиганың өзінде шектеу 27 футболшыға қатысты қолданылған, олардың қатарында «Галатасарай», «Фенербахче», «Бешикташ» және «Трабзонспор» секілді алпауыт клубтардың өкілдері бар.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, іске қатысы бар төрешілердің саны 570 адамнан да асуы мүмкін.

Осыған дейін Түркияда бәс тігу ісі бойынша 281 футболшы шеттетілгені туралы хабарланды. 




Соңғы жаңалықтар