Түркияда Қорқыт ата шығармашылығының тарихына арналған халықаралық конференция өтті

Іс-шараны Түркияның стратегиялық зерттеулер орталығы (YTSAM), Дәстүрлі музыкалық мәдениетті зерттеу мен қолдану орталығы (HÜGEM) Хажеттепе түрік университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция әлемдік ғылым негізге алатын «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден тізімі табылуының 200 жылдығына орайластырылды.
Конференцияға ұлы жыраудың шығармашылығына қызығушылық танытатын әлемнің түрлі елдерінің өкілдері қатысты.
Түркі әлемі, еуропалық және азиялық өңірлердің белгілі ғалым-түркітанушылары, алдыңғы қатарлы этнологтар мен этнографтары ұлы тұлғаның шығармашылығы бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
Конференция аясында Қорқыт Ата заманындағы кезеңмен байланысы бар көне түркі мұралары, сонымен қатар дастандары мен жырларының тарихи ақиқатын жеткізу мәселелерін талқыланды. Оған қоса, қатысушылар түркітілдес халықтардың ортақ мәдениеті бойынша өз пікірлерімен алмасты.
Конференция үш күн бойы өткізілді. Германия өкілдері түркі ағартушысының шығармашылығына, жырлары ойының тереңдігіне, сонымен қатар педагогикасына жоғары баға берді. Олар қазіргі таңда Қорқыт Ата шығармашылығын неміс тілінде басып шығару жоспарланып отырғанын айтты.
Шараға Қазақстан атынан қазақстандық түркі танушыларының ішіндегі көшбасшыларының бірі Шәкір Ыбыраев қатысты. Өз сөзінде Ш.Ыбыраев Қорқыт Ата жырларының көне заманда қазіргі Қазақстанның жерін мекендеген халықтардың дастандарды орындау мәнерімен сәйкестігін атап өтті.
Қазақстан делегациясын ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Ж.Түймебаев та қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының жан-жақты мәселелері талқыланды.
Қорқыт Ата ‒ Сырдария өзенінің бойындағы даладан шыққан аты аңызға айналған ІХ ғасырдағы түркі жырауы мен композиторы. Қобызды жасаған адам, ақын, жырау, сонымен қатар ақындар мен музыканттардың қорғаушысы болып табылады. Қорқыт туралы деректер түркі халықтарының қыпшақ (қазақ пен қарақалпақ) және оңтүстік оғыз (түрікмен, әзербайжан және түрік) тармағында кездеседі. «Оғызнама» дастаны олардың бәріне де ортақ.