Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандық боксшының бапкері оның денсаулығы туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда автобус апатына ұшыраған қазақстандық азаматтардың арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 21 жасар Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева болды.
None
None

Заринаның бапкері Александр Высоцкийдің хабарлауынша, спортшы қыз жеңіл-желпі ғана жарақаттанған.

«Кеше ол менімен түркиялық телефон нөмірі бойынша байланысқа шықты. Жол апатынан спортшымыздың тек қолы көгеріп қалған. Оны және қасындағы басқа жолаушыларды дәрігерлер қарап шығып, оларға медициналық көмек көрсетілген. Зарина Қазақстанға жақын уақытта оралады. Бұл оқиға оның спорттағы жоспарларына еш әсерін тигізбейді. Қыркүйек айының басында ол Польшадағы халықаралық турнирге қатысады», - деді спортшының бапкері. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатынан 7 қазақстандық зардап шекті. Олар Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Ал А.Сарабаеваның қай жерде екендігі анықталуда. ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарына қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум