Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны мыңнан асты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1014 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған мәліметтерді Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою басқармасы жариялаған.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында орналасқан зілзала құрбандарының саны мыңнан асты, кемінде 7 мың адам жарақат алды.

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою басқармасының мәліметінше, Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатия және Хатай провинцияларында 2824 ғимарат қираған.

Жер сілкінісінің қайталануынан қауіптенген Түркия билігі тұрғындарды үйлеріне қайтпауға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты және Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

СІМ мәліметі бойынша, қазіргі сәтке дейін онда Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ.


Фото: aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар
telegram