Түркиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шекті деген ақпарат келіп түскен жоқ - ҚР СІМ
«Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында.
Осыған дейін Түркиядағы алапат жер сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жеткені хабарланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты.
Фото: aa.com.tr