Түркияның авиация саласы рекордтық өсім көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM - Өткен жылдың соңына таман Түркияның азаматтық авиациясы рекордтық өсім көрсеткішін тіркеді, деп хабарлайды Kazinfrom меншікті тілшісі.

Крылья роста: авиационная отрасль Турции демонстрирует рекордные показатели
Фото: www.gercekfethiye.com

Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглуның мәліметінше, елдегі жолаушылар және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің жалпы саны 800-ге жеткен. Сонымен қатар ұшқыштар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артып, 17 910 адамды құрады.

Азаматтық авиация бас басқармасының деректеріне сүйенсек, соңғы 23 жыл ішінде сала барлық бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. Атап айтқанда, әуе паркінің кеңеюі, жолаушылар мен жүк сыйымдылығының артуы, ішкі және халықаралық бағыттар желісінің дамуы, сондай-ақ лицензияланған авиация мамандары санының көбеюі байқалады.

Министр Түркияның стратегиялық географиялық орналасуына да айрықша тоқталды.

Оның айтуынша, ел төрт сағаттық ұшу аймағында шамамен 1,5 миллиард халқы бар 67 мемлекетті қамтитын өңірдің дәл ортасында орналасқан.

Осы артықшылықты Түркия үкіметі дер кезінде әрі дұрыс бағалап, авиация саласын мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналдыра білді.

Билік өкілдерінің пікірінше, саланың қарқынды дамуы Түркияның жаһандық авиация нарығындағы позициясын нығайтып қана қоймай, экономикалық өсімге, халықаралық сауда мен туризмнің кеңеюіне де серпін береді.

Осыған дейін Түркия әуе тасымалы бойынша тарихи рекордты жаңартқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар