Түркияның батысындағы Кутахья провинциясында 5,4 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркиядағы Кутахья провинциясында жер сілкінді. 

Түркияның батысындағы Кутахья провинциясында 5,4 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:59-да тіркелген. Оны көрші облыстардың тұрғындары да сезген.

Жер сілкінісінің ошағы Симав аймағында болды. Қайнар көзі 8,46 км тереңдікте орналасқан. 

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мьянмадағы күшті жер сілкінісі ежелгі монастырь сарайын ашуға көмектесті.

Соңғы жаңалықтар