Түркияның Малатия провинциясында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін таңертең Түркияның Малатия провинциясының Батталгази ауданында 5 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Анадолы.
Түркияның Апаттарды алдын алу басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:20-да тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.
Бұған дейін Түркияның Малатия өңірінде бір минутта екі мәрте жер сілкінген.