Түркияның парфюмерия қоймасындағы өрт: алты адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Түркияның солтүстік-батысындағы Коджаели провинциясының Дильовасы өнеркәсіптік ауданындағы парфюмерия және косметика қоймасында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Түркияның парфюмерия қоймасындағы өрт: алты адам қаза тапты
Фото: www.aydintimes.com

Жергілікті билік органдарының мәліметінше, өрттен алты адам қаза тауып, бір адам жарақат алды.

Өрт бүгін таңертең парфюмерия өндірісінде қолданылатын тез тұтанатын химиялық заттар сақталатын қоймада болған. Жалын бүкіл ғимаратты шарпыды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқару қызметтері, полиция және Түркияның апаттардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) қызметкерлері келді.

Өртті сөндіргеннен кейін құтқарушылар қойма ішінен алты адамның денесін тапты. Бір адам ауруханаға жеткізілді. Билік қайғылы оқиғаның себебін тергеп жатыр.

Коджаели губернаторының кеңсесі мәлімдемесінде өрт толығымен сөндіріліп, тергеу басталғаны хабарланды.

Бұған дейін Түркия қонақ үйіндегі өртке байланысты 11 адам өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум