Түркияның астанасында «ТҮРКСОЙ» ұйымының 20 жылдығының құрметіне музыкалық мереке өтті

Түркияның президенттік симфониялық оркестрі залында өткен айрықша концерт көптеген отандастарымыздың үлкен қызығушылығын оятты.
Президенттік симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Алтай (РФ), Башқұртстан (РФ), Гагаузия (Молдова), Хакасия (РФ), Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Қырым, Саха (Якутия, РФ), Татарстан және Туваның (РФ) ең танымал опера әртістері және әншілер ахнада өз өнерлерін паш етті.
Бұл ерекше кеште музыка саласында опера және балет театры директорлары кеңесінің төрағасы маэстро Ренгим Гёкмен басшылық еткен, сондай-ақ, дирижёрлар Қанат Ахметов және Әнуар Акбаров (Қазақстан) Рауф Адуллаев (Әзірбайжан), Евгений Хохлов (Ресей Федерациясы) және Толга Тавиш (Түркия) басшылық еткен президенттік симфониялық оркестрдің орындауындағы баға жетпес фольклорлық әуендер жандана түсті.
Сондай-ақ, концерттік бағдарламада әзірбайжан композиторы Сердар Фарак ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына арнайы жазған түркі салтанатты увертюрасы, Узеир Гаджибековтің «Кёроглы» операсы және Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсы орындалды.