Түркияның Мерсин қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Мерсин қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул болып түрік бизнесмендерінің арасындағы танымал кәсіпкер Ахмет Будан атанды.
None
None

Ашылу салтанатына Мерсин провинциясының губернаторы Өздемір Чакаджак, қала мәрі Бурханеттін Коджамаз, ТР Парламентінің депутаттары, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Ж.Түймебаев, қоғамдық-саяси және академиялық топтарының өкілдері, өңірдің бизнес элитасы қатысты, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Ж.Түймебаев ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның сыртқы-саяси бастамаларынан, «Қазақстан-2050» стратегиясы және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жария еткен Қазақстанның «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» туралы хабардар етті. Ол содай-ақ түрік инвесторларын еліміздің ірі инвестициялық жобаларында қатысуға шақырды.

Губернатор О.Чакаджак Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, провинцияның бизнес-топтарының Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынастарға белсенді қатысатынына сенімді екенін білдірді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуында орасан зор үлесін атай отырып, оның жүргізген салиқалы саясаты арқасында Қазақстан осындай қысқа мерзімнің ішінде озық елдердің қатарына кіре білді. «Президент Н.Ә.Назарбаев негізін қалаушысы болып табылатын Қазақстанның этникааралық келісім моделі бүкіл әлемде мойындалады. Сонымен қатар осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ү.ж. маусымда Астанада өтетін бесінші Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің сәтті өткізілуін тілеймін», - деп, губернатор қорытындылады.

Сөз сөйлеген саяси қайраткерлер екі елдің арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының дамуын жоғары бағалай отырып, Қазақстанның жаңадан ашылған Құрметті консулдығының қазақ-түрік ынтымақтастығының одан әрі дамуына үлес қосатынына сенімін артты.

Ашылу салтанатынан кейін Құрметті консулдығының ашылуының құрметіне қабылдау ұйымдастырылып, оған қатысқандар қазақ-түрік ынтымақтастығы туралы көрмемен және Қазақстан туралы кітаптармен танысуға мүмкіндіктері болды.

Мерсин провинциясы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан және ірі порт, өнеркәсіптік база және ауылшаруашылығы инфрақұрылымымен әйгілі. Өңірде туристік индустрия қарқынды дамып келе жатыр. Бұрыннан бері Мерсин Түркияның ең маңызды порттарының бірі ретінде баршаға мәлім болып, оның өткізу қабілеті жылына төрт мың кемені құрайды. Қалада 3 индустриялдық аймақ орналасып, оның құрамында 1300 шамасында зауыт пен фабрика жұмыс істеуде.

Қаланың тарихы б.з. бұрынғы 7 мыңжылдықтан басталады. Қаланың көне бекіністері б.з. бұрынғы 4500 жылында құрастырылған болатын. Тарихи жазбаларда Киликия деген жер де аталып кетуде. Оның асатанасы Тарсус, ал оған ең жақын орналасқан Мерсин порты Киликияның «негізгі қақпасы» болып табылады.

Соңғы жаңалықтар