22:19, 15 Ақпан 2026 | GMT +5
Түрікменстанда арнайы қызмет басшысы ауысты
АСТАНА. KAZINFORM – Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ұлттық қауіпсіздік министрі, генерал-майор Назар Атағараевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатты.
Қауіпсіздік пен барлау үшін жауапты елдегі арнайы қызметтің басты органы басшысы лауазымына генерал-майор Довлетгелди Мередов тағайындалды,-деп жазады TDH.
Осыған дейін Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшылығындағы ауқымды өзгерістер туралы хабарланды.