ТүркПА-ның бас хатшысы жұмыс сапарымен Алматыға келеді
БАКУ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 26-28 наурызда Қазақстанның Алматы қаласына Арнайы сессияға қатысу үшін ТүркПА бас хатшысы Рамиль Гасановтың басқаруымен делегация келеді.
Айта кетейік, бұл кездесу ТМД Парламенттік Ассамблеясының 20 жылдығына арналған.
ТүркПА-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, сессияда ТМД және басқа да қатысушы-мемлекеттердің үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы көзделген.
Сессия барысында ТүркПА-ның бас хатшысының аталмыш құрылымның қазіргі төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің басшысы Нұрлан Нығматулинмен және Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесуі күтілуде.
Жұмыс сапары барысында ТүркПА бас хатшысына оның орынбасарлары Мелс Семғалиев және Бектемір Зиядинов еріп келеді.