ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс - Н.Назарбаев

СТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша) айналуы тиіс. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 10-ыншы Саммитінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады.
None
None

«Бүгінгі саммиттің Түркі Кеңесінің институттық дамуына жаңа серпін беретініне сенемін. Біздің алдымызда Түркі Кеңесінің Хатшылығын құру, Ақсақалдар Кеңесі туралы құжатты қабылдау, маңызды жұмыстар атқаруы тиіс Түркі әлемінің академиясы секілді жалпытүркі құрылымдарын одан әрі дамыту секілді міндеттер тұр», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті жиналған қауымға былтыр Нахычевандегі Саммит барысында қазақстандық тараптың Түркі әлемі академиясын құру туралы бастама көтергенін еске сала кетті. Академияның ашылу салтанаты мамыр айының бас кезінде Астанада болды. Халықаралық мәртебеге ие академия, жалпы түркі тарихын оқып үйренумен, біздің жалпы мәдениетімізді дамытумен айналысатын болады.

Н.Назарбаев жалпы түркі мәдениетін дамытуға мүдделі барлық мекемелер мен ғалымдарды Академия жұмысына белсенді араласуға шақырды. Ол атап өткендей, бұл салада халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының рөлі орасан. Осыған орай ТҮРКСОЙ өкілеттілігін кеңейтіп, оның қызмет ету ауқымын арттыру қажет.

Соңғы жаңалықтар