Түркістан облысында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.
— Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен, — делінген хабарламада.
Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.
Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарды.
Бұған дейін Түркістан облысында балалардың қараусыз қалуынан 8 судағы жазатайым оқиға тіркелгені туралы жазған едік.