Түркістан облысында ер адам полицеймен атысып оққа ұшты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан оның бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті.

оружие
Фото: pixabay

Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылды. Заңсыз әрекеттер мен басқаларға қауіп төндірмеу үшін аумақ толығымен қоршауға алынды.

— Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер азамат бағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды. Шабуылға тойтарыс беру және өмірге қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер ауаға ескерту оқтарын атты. Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқық бұзушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, — делінген Түркістан облысы Полиция департаменті таратқан ресми ақпаратта.

Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұдан бұрын Түркістан қаласында 500 орындық тергеу изоляторы салынатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар