Түркістан облысында жүргізілген аудит 297,2 млрд теңге көлеміндегі заң бұзушылықты анықтады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облыстық тексеру комиссиясы тарапынан 2025 жылы 15 аудиторлы іс-шара жүргізілген, оның аясында 295 мемлекеттік аудит нысаны қамтылды.

аудит
Фото: freepik

Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Тапеевтың айтуынша, өткен жылы өңірде аудит жүргізілген қаражат көлемі 637,8 млрд теңге болған. Тексеру нәтижесінде 297,2 млрд теңге көлеміндегі заң бұзушылық анықталды.

— Оның ішінде 55,2 млрд теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалануға тиесілі болса, 242 млрд теңгесі — қаржылық тәртіптің бұзылуы. Сонымен қатар, 1 095 рәсімдік тәртіп бұзушылық тіркелді. Қалпына келтіруге жататын қаржылық тәртіп бұзудың жалпы көлемі 241,6 млрд теңгені құрап, оның 27,5%-ы қалпына келтірілді. Сонымен қатар 331,7 млн теңге көлеміндегі қаржының 199 млн теңгесі, яғни 60%-ы өтелді, — деді ол.

Комиссия төрағасының мәлімдеуінше, құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 8 материал жолданған.

— Сонымен қатар, 252 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында 255 материал жолданып, 183 материал бойынша 64,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, — деді ол.

Бұдан бұрын Түркістан облысында 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум