Түркістан облысындағы атыстан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – 2025 жылы 2 қараша түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелді.

 атыс
Фото: pixabay

Нәтижесінде бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

- Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шықты. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, қамауға алынды. Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

Бұдан бұрын Түркістан облысында ауруханадан қашқан сотталушы ұсталғанын жазған едік. 

Сәбит Тастанбек

Соңғы жаңалықтар