Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің өкімімен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Әлібек Плалов тағайындалды.
Әлібек Әбдіхалықұлы Плалов 1991 жылы дүниеге келген. 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында оператор қызметінен бастаған. 2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының механикаландыру бөлімінде жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маман және бас маман қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ 2016-2018 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының кооперациялауды дамыту бөлімінде, кейін егін шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінде бас маман, 2018-2019 жылдары Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығын дамыту және механикаландыру бөлімінің бас маманы және 2019 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы наурызға дейін аталған бөлімнің басшысы болған.
2020 жылғы наурыздан 2023 жылғы маусымға дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы, 2023 жылғы маусымнан 2026 жылғы маусымға дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 өңірлік департаментіне жаңа басшылар тағайындалғаны туралы жазған едік.