Түркістанда биыл ашылған Қолөнершілер орталығы жұмыс істемей тұр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Биыл қыркүйек айында Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығында орналасқан Қолөнершілер қалашығының ресми ашылу салтанаты өткен болатын.

а
Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Алайда қазіргі таңда аталған ғимараттың кіреберісі арнайы лентамен қоршалып, жұмыс істемей тұр. Бұл мәселеге қатысты Түркістан қаласы әкімдігі ресми жауап берді.

а
Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

— Қолөнершілер орталығы жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен ғимараттың құрылысын толық аяқтады. Орталықтың ашылу салтанаты өтіп, шараға қаладағы қолөнер шеберлері мен шығармашылық өкілдері қатысты. Қазіргі таңда қала қолөнершілерін ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу процесі жүргізіліп жатыр, — делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

а
Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Алдағы уақытта мемлекеттік конкурс нәтижесі анықталғаннан кейін нысан Түркістан қаласы әкімдігінің меншігіне өтіп, қолөнершілер тұрақты түрде орталық ғимаратына орналастырылады.

а
Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

Бұдан бұрын Түркістанда Қолөнершілер қалашығы ашылғанын жазған едік.  

а
Фото: Сәбит Тастанбек / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар