Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында Тәуелсіздік күніне орай безендірілген көпқабатты үйдің көрінісі көпшіліктің көңілін елжіретті. 

Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді
Фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Елге деген құрметтен туған бұл игі іс тұрғындар тарапынан қолға алынған. Шаһардағы 1-шағынауданда орналасқан № 3 көпқабатты үйдің тұрғындары өз баспаналарын мемлекеттік рәміздермен, азаттық жолында күрескен тұлғалардың бейнелерімен және мерекелік элементтермен айшықтады.

Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді
Фото: Түркістан қаласы әкімдігі
Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді
Фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Бастамаға ұйытқы болған көпқабатты үйдің тұрғыны Гүлназ Орынтаева қай салада еңбек етсек те, тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, қадіріне жете білуіміз керек деген пікірін жеткізді.

Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді
Фото: Түркістан қаласы әкімдігі
Түркістанда тұрғындар көпқабатты үйді мемлекеттік тумен безендірді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

— Еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келген жоқ. Біз мұны әсіресе, өсіп келе жатқан жастарға тереңірек ұғындыруымыз керек. Бастама осындай ниеттен туды. Бұл әрекетке көршілерім де бірден қолдау білдірді. Осы көпқабатты үйдің өзінде 20-дан аса бүлдіршін тұрады. Балаларымыз отаншыл, білімді болып өссе, тәуелсіздігіміз де мәңгі болады, — деді ол.

Бұдан бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысында жаңа орталық ашылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар